Барлық отбасы мүшелерінде бит пен сірке бар-жоғын қарап шығыңызБиттер мен сіркелер қарапайым бас қараған кезде байқалады. Ыңғайлы болуы үшін сусабынмен бірге сатылатын арнайы тарақты қолданыңыз. Ол үшін:
- шашты шағын тарамдарға бөліңіз;
- әр тарамды бит тарақпен бірнеше рет абайлап тараңыз;
- тараған сайын тарақты таза майлықпен сүртіп отырыңыз.
Ақшыл фонда ересек биттер де, олардың жұмыртқалары да, жабысқақтар да айқын көрінеді. Құлақ пен желке тұстағы аймақтарға ерекше назар аударыңыз – паразиттер көбінесе терісі жұқа және қан тамырлары шоғырланған жерлерге орналасады.
Барлық отбасы мүшелерінің басын қарап шығыңыз. "Паранит" тиімді және қауіпсіз сусабынымен өңдеуді басында паразиттері бар кез-келген адамға жүргізу қажет. Қайта жұқтыруға жол бермес үшін өңдеуді бір күннің ішінде жүргізіп, аяқтау керек. Егер үйдегілердің біреуінен педикулез анықталса, қалғандарына профилактикалық құрал ретінде "Биттен қорғау" репелентті құралын қолданыңыз.
Өнімді құрғақ шашқа таратып жағыңызБит пен сіркеден құтқаратын сусабынды құрғақ шашқа қолданыңыз. Оның шығыны шаштың ұзындығына және қоюлығына байланысты. Оны әр шаш тарамына және бас терісіне мұқият таратып жағып, сабындалған шашты аздап уқалаңыз. Сусабын мүмкіндігінше тиімді әсер етуі үшін оны шашта 10 минутқа қалдырыңыз.
Жақсылап шайыңыз10 минуттан кейін шашты жылы сумен сулаңыз, сосын шайыңыз. Қажеттілікке қарай осы амалды бірнеше рет қайталаңыз.
Шашыңызды бит тарақпен тараңызШаштағы өлі жәндіктерді толығымен алып тастау үшін жинақтағы тарақты қолданыңыз. Шашыңызды тарамдарға бөліп, тараңыз, әр тараған сайын тарақты таза майлықпен сүртіңіз, өйткені оның арасында паразиттер қалып қояды Шашыңызды әдеттегідей фенмен немесе сүлгімен құрғатыңыз
Өңдеуді қайталаңыззын және қалың шашта бірлім-жарымды жабысқақтар қалып қойып, 7-10 күннен кейін жетіліп шығулары мүмкін. Сондықтан паразиттерден түбегейлі құтылу үшін жоғарыда сипатталған әдісті қайталауды ұсынамыз. Қайта қолданғанның өзінде педикулезге қарсы "Паранит" сусабыны өзінің бастапқы тиімділігін сақтайды.