"Шақырусыз келген қонақтарға" қосарлы тойтарыс беру
Битке арналған дәстүрлі дәрі-дәрмектердің тиімділігімен қатар кемшіліктері жеткілікті –олар уытты. Яғни, жас балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды Олардың басқа да қарсы көрсетілімдері бар.
Біз түбегейлі басқа тәсілді ұсынамыз. Педикулезге қарсы осы жаңа буын құралының құрамында бит пен сіркені жоятын диметикон бар. Жәндіктер үшін әсері жойқын. Биттер мен сіркелер денесінің сыртымен тыныс алады, ал диметикон мен минералды май ауа келетін тесіктерді мықтап бітейтіндіктен, қансорғыштар 1 минут ішінде өледі. Сонымен қатар адам үшін диметикон да, минералды май да толығымен қауіпсіз және тіпті оң әсері бар: теріні жұмсартады, шашты жылтыратып, тегістейді
Сіркеге қарсы педикулез құралы бірқатар артықшылықтарымен ерекшеленеді:
• адамдар мен үй жануарлары үшін зиянсыз;
• балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге де қолдануға болады ("Паранит" Сенситивті" таңдаңыз);
• әртүрлі пішінде шығарылады;
• жәндіктерді 15 минут ішінде өлтіреді;
• жәндіктердің тұрақтылығын қалыптастырмайды.
Оны бұрынғы педикулезге қарсы қолданылған құралдарға әбден үйреніп алған, ескі буынның құралдарының ешқайсысы кетіре алмаған биттерге қарсы пайдалануға болады. Лосьон, спрей немесе сусабын сізді бұл жағымсыз проблемадан, онымен қайта беттескеннің өзінде тез және тиімді құтқарады.
Ересектер мен үлкен балаларға арналған "Паранит"
Біз сізге ыңғайлы форматты таңдауды ұсынамыз:
• сусабын;
• спрей.
Сусабын қолдануға ыңғайлы, оны әркім өз бетімен оңай пайдалана алады. Шашты жуғаннан кейін оларды арнайы тарақпен мұқият тарау керек – бұл өлі жәндіктерді түсіруге көмектеседі. Спрей мен лосьон әр шаш тарамын өңдеуге жарамды, олардың көмегімен "шақырусыз келген қонақтардан" құтылу үшін шашты 1 рет өңдесеңіз де жеткілікті. Үнемділігіне келер болсақ, бір құтыны бір уақытта бірнеше адам пайдалана алады, содан кейін оны балалардың қолы жетпейтін салқын жерде сақтауға болады.
Сондай-ақ, біз педикулезге қарсы препараттарды шаюдың оңай жолдарын қарастырдық – арнайы сусабын майлы спрейдің немесе лосьонның қалдықтарын түгел кетіреді, шашты түзу және жібектей етеді.
Педикулезге қарсы "Паранит" құралы - ең алдымен қауіпсіздік
1 жастан асқан сәбилер, жүкті және бала емізетін әйелдер үшін біздің ерекше ұсынысымыз бар. "Паранит "Сенситив" – бұл "ересек" препараттар сияқты тиімділігі жоғары балаларға арналған бит кетіретін құрал.
Оның құрамында диметикон әлі де бар, бірақ минералды май қосылмаған. Арнайы қоспалар педикулезге қарсы әсерді күшейтеді, сондықтан құрал бит пен сіркелерді тез өлтіріп, өз міндетін өте жақсы атқарады. Емдеуден кейін шашты әдеттегі сусабынмен жуып, оны препаратпен бірге бір жинақта сатылатын бит тарақпен тарау керек.
"Паранитпен" бит пен сіркенің не екенін білмейтін боласыз!