Айта кету керек: педикулездің болуы жеке гигиена ережелерін сақтауға байланысты емес. Қоғамдық жерлерде кез-келген адам битті жұқтыруы мүмкін. Осыдан біраз уақыт бұрын бұл паразиттермен күресудің тиімді және қауіпсіз құралдары болмаған еді. Оларды тарақпен түсірген – бұл әдіс тиімсіз және ересек жәндіктерді, олардың жұмыртқалары мен жабысқақтарды тез құртуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан олар шашта қалады және қайтадан таралады. Неғұрлым радикалды әдісі – шашты қырып тастау. Иә, осылайша жәндіктерден арылуға болады. Бірақ бұл дұрыс па, бала, оның ішінде қыз бала мұндай жағдайда өзін қалай сезінеді?
Педикулезбен шөптердің тұнбаларының көмегімен де күресуге болады, бірақ олар да оңтайлы және жылдам нәтижені бере алмайды. Әжелерімізден қалған тағы бір әдіс – шашқа керосин жағу. Оның сасық иісін айтпағанда, шашты қаншалықты бүлдіретінін ойлаудың өзі қорқынышты. Сабын-керосин эмульсиясын пайдалану қауіпсіздеу, алайда керосиннің өзін қолдануды мүлдем құптауға болмайды.
Бағымызға орай, бүгінгі таңда дәріханаларда паразиттермен күресуге арналған шынымен қауіпсіз және тиімді дәрі-дәрмектер жеткілікті. Мысалы, "ПАРАНИТ".
"ПАРАНИТ" сусабыны, спрейі, лосьоны көп рет қолдануға жарамды, өйткені олардың құрамында биттер тез көндігіп кететін уытты инсектицидтер жоқ. Өнімдердің формуласы физикалық әрекет қағидатына негізделген, яғни ересек жәндіктер, олардың жабысқақтары мен жұмыртқалары оттегі мен ылғалға қол жеткізе алмайды, осылайша жойылады. "ПАРАНИТ" өнімдерінің қатарында ең кішкентай (3 жасқа дейінгі) балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған құрал да бар. Барлық өнімдердің әсері жұмсақ және шашқа мүлдем зиянсыз.